Жүректі бақылап отыру қиын. Ол өте тез айналады. Күйі сәт сайын өзгереді.
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Жүректі бақылап отыру қиын. Ол өте тез айналады. Күйі сәт сайын өзгереді.
Махаббаттан сөз қыласың. Бірақ сүйіктің қан ішсе, сен қалайша шәрбат ішесің?..
Өтірік, сүйдім дегенің өтірік…
Негізінде, шәрбат ішуге рұқсат берген жүрегің кінәлі. Өйткені ғашықтық онда жеткілікті піспеген, ғашықтық әлі әмірге айналмаған.
Ғашықтық жүрегіңнің әміршісі болған сәттен бастап, сүйіктің қан ішсе, қан; у жұтса, у жұтасың!
Бұл әлем сахнасында сүйдім деген ғашықтардың көбі өтірікші. Шыншылдарында сыр ашуға қуат пен батылдық жоқ.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.