ЕР АВТОКРАТИЯСЫ
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Үйде ер шексіз билік иесі болған патша секілді болуы керек. Яғни автократ. Автократ ердің отбасында тәртіп пен бақыт үстемдік етеді.
Өйткені ақылды ер сөз бостандығы, тең мүмкіндіктер және осы сияқты нәрселердің абсурд екенін түсінеді.
Ол мойнындағы міндеттің ауырлығын өте терең сезінгені үшін де автократ болуға мәжбүр.
Автократ ердің қолындағы әйел мойынсұнғыштық пен бағыныштылық сезімімен дүниедегі ең бақытты әйел.
Ерін үлкен ұлы етіп алған әйелден гөрі бақытсыз әйел жаһанда болмас!
Автократ ер билігі астында
- әйелдің көңіл-күйі отбасы көңіл-күйін айқындамайды; - әйел ерінің зекуінен немесе қатты сөзінен, ескертуінен ренжімейді; - әйел ерге үкім жүргізуге ұмтылмайды; - ер әйел зұлымдығынан қорқып, өзін форматтамайды; - ер қалаған уақытта ұйықтайды және ояна алады.
Егер әйел билеуші болса
- ердің сөзі әрдайым сынады; - отбасында ердің даусы естілмейді; - балалар тәрбиесіз өседі; - әйелдің денесінде еркектік гормон көтеріледі; - ердің денесінде әйелдік гормон артады; - отбасы ыдырап, сыртқы азғындықтар отбасын жаулап алады.
Тек пен әулетке нүкте қойылады.
Автократия әрдайым ең дұрыс жол. Өйткені мұнда әділет орнату мүмкіндігі бар, ал басқа түрде не әділет, не тәртіп орнатуға болмайды.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.