ҚҰДАЙДЫ ТАНУДЫҢ ТАҒЫ БІР БЕЛГІСІ мынау: саған жамандық жасағандарды кешіресің.
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
ҚҰДАЙДЫ ТАНУДЫҢ ТАҒЫ БІР БЕЛГІСІ мынау: саған жамандық жасағандарды кешіресің.
Олардың ақысына дұға жасайсың.
Іштей олар үшін жақсылық тілейсің.
Ешбір адамның тозақта жануын қаламайсың.
Ешбір адамға азап пен жаза тілемейсің.
Бәрін Құдайдың еркіне тапсырасың.
Сен өз ісіңді істейсің: ғибадат, тағат, ықылас, адал еңбек...
Жаман істерге жиіркеніш. Жақсы істерге махаббат.
Адамды емес, оның ісін жек көресің.
Жақсы іс істесе, адамды да, жақсы ісін де сүйесің.
Өйткені адам – Хақтың ең ұлы жаратылысы. Ол құрмет пен махаббатқа лайық.
Және тағы басты іс – жүректікі.
Жүрегіңді толық Құдайға байласаң, дүние уайымдарынан азат бола бастайсың.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.