АРИФТЕРДІҢ СИПАТЫ
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Ілім – мәліметтерді жадта сақтау.
Хикмет – пайда мен зиянды ажырата алу.
Ілімді жинаған адам – ғалым.
Хикметті жинаған адам – хакім.
Бірақ ілім мен хикметті өз орнында қолдана білген – ариф.
Құдайды әрқашан есінде ұстаған және Құдайдың назарын сезінген жан – арифи билләһ.
Арифи билләһтың басты ісі – надандарға сабыр ету.
Надандарға сабыр қалай болады?
Біреу білмейтін нәрсесін айтады. Үнсіз қаласыз.
Біреу сізге жала жабады. Үнсіз қаласыз.
Біреу өтірік сөйлейді. Үнсіз қаласыз.
Біреу ғайбат айтады. Тұрып кетесіз.
Біреу дауысын көтереді. Үнсіз қаласыз.
Біреу дөрекілік жасайды. Үнсіз қаласыз.
Жерге қарап жүресіз. Барлық адамға жымиып қоясыз.
Сезімдеріңізді сыртқа шығара бермейсіз.
Асықпай, ақырын жүресіз.
Өз жақындарыңыздан басқаға насихат айтпайсыз. Жақындарыңыз – отбасыңыз, балаларыңыз, ықпалыңыз жететін туыстарыңыз, өте жақын достарыңыз, болса, өте сенімді шәкірттеріңіз.
Ең берік ақиқат мынау: адамдар насихатты қабылдамайды. Оларға хақты айтамын деп әуре болмаңыз, хақты айтып, жүректерінде ұйықтап жатқан зұлымдықты оятып жібересіз.
Ең үлкен шарты... жүрегіңізде Алла, Алла, Алла деп тұрасыз.
Өміріңіз өзгермей қалмайды.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.