Тіл

ӘУЛИЕЛІК СЫРЛАРЫ

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Аллаға дос болған кәрамат иелері қандай болады?

Бұл туралы бір ғажап хикая бар, Сіз де оқып көріңізші:

Дәуіт Тайи хазіреттері дария жағасында балық аулап отырған еді, қасында шәкірттері бар еді. Дарияда бір қайық көрінді, қайықта екі ер адам және бір әйел шарап ішіп, сауық құрып келе жатты. Шәкірттер: «Ұстаз, мына күнәкарларға бір дұға жасаңызшы, олар да біз сияқты күнәлардан қашатын болсын», – десті. Шәкірттер қарғыс күтіп тұрғанда, Дәуіт Тайи хазіреттері Алла бұлардың сауығын жұмақта да жалғастырсын деп дұға етті. Қайық жолын өзгертіп, олардың қасына, жағаға келді. Және күтпеген жерден қайықтағылар Дәуіт Тайидың алдында иман келтірді. («Су иісі» кітабынан, 170-бет)

Иә, әулиелер – пайғамбарлардың мұрагерлері, пайғамбарлар адамдарды үмітсіздік иіріміне тастау үшін емес, үмітсіздік иірімінен тақуа жағасына тартып шығару үшін жіберілген. Ал әулиелер – олардың істерін жалғастырушылар.

Әзиз Насафи хазіреттерінің қаламынан шыққан «Кемел адам» кітабында ғажап сөз бар: «Хақтың рахметі бүкіл әлемге. Пайғамбарлардың рахметі өз үмбетіне. Әулиелердің рахметі оған ерген және оны сүйгендерге».

Өзіне ергендерден бет бұрғандар әулие емес. Олар да барлығы сияқты ауам тобынан болып, уәли кейпінде көрінеді, болды.

2 240рет қаралды

Пікірлер

    Басқа мақалалар

    «ҺАЛҚА» КІТАБЫНЫҢ ӨМІРБАЯНЫ ЖАЙЛЫ ҚЫСҚАША

    Алланың инаятымен, ұлылардың дұғасымен әрі жақсы адамдардың көмегімен «Һалқа» кітабы баспадан шықты, әлхамдулиллаһ. Бұл ғаріп кітаптың ауыр бір өмірбаяны бар. Бұл бейшара кітап…

    3 мин

    Соңғы кездері кейбір адамдар біліп-білмей өзбек халқын айыптай бастады. Бұл бізді ренжітеді. Оның үстіне,…

    Құдайым қайырлы әрі берекелі етсін! Автор. Мың жылдан бері даңқ-шөкет туының иесі, Ұлы шайқастарда жеңілмес әскер! Ақиқат құрбаны, Хақтың іздеушісі, Хақтан қуат алып әрдайым…

    2 мин

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.