Өз мінезі туралы қамығатын, өз әдебі мен инсабын талдайтын және көркем ахлаққа ұмтылатын адамның әрқайсысы…
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Өз мінезі туралы қамығатын, өз әдебі мен инсабын талдайтын және көркем ахлаққа ұмтылатын адамның әрқайсысы пәк текке жатады. Өйткені адам тегіндегі бұзықтық жақсы адам болуым керек деп ойлауға жол бермейді; тегі айныған адамдар көркемдік пен адамгершілікті емес, арсыздық пен жаһилдікті сүйеді; оларды ізгіліктің салтанаты емес, зұлымдық пен жауыздық қуантады; олар пәктік пен шынайылықтан емес, азғындық, бұзықтық, харам мен лас нәрселерден қуат алады әрі осы сорлылыққа жабысып, бірігіп кете береді, оларды жиіркенішті істерден ажырату мүмкіндігі қалмайды. Жақсылар күнә мен қателіктен азап шегеді және ешқашан пасықтықтың тырнағында қалып қоймайды. Олар насихаттан әсерленіп, Құдайдан жасырын жылап, жалбарынып тура жол сұраушылар.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.