ӨМІР ӨТЕ ҚАРАПАЙЫМ ӘРІ ӘДЕМІ, оны күрделі әрі сұрқия ететін — адамның нәпсісі.
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
ӨМІР ӨТЕ ҚАРАПАЙЫМ ӘРІ ӘДЕМІ, оны күрделі әрі сұрқия ететін — адамның нәпсісі. Қайғыға түсудің еш қажеті жоқ, жай ғана адам баласы пәк болсын, күнәлардан алыс болсын! Тәкаппарлық пен парасатсыздықтан ада болсын; көреалмаушылық пен өтіріктен аулақ кетсін; ғайбат пен өсектен құтылсын! Өзіңді біл, өзгені қой, әр түрлі адамдармен сөйлесуден және достасудан қаш, қадірлілерді аялап ұста, адал, сабырлы бол, жымий, жеңіл жүр, құлшылықтарды тастама, өміріңді басқалармен салыстырма, барына қанағат ет, пайдалы іспен айналыс, бәрі өте қарапайым, әр кісінің қолынан келетін іс емес пе? Өмір өте қарапайым әрі әдемі, қарапайым ғана өмір сүрейік, сонда әдемі өмір сүрген боламыз, иншаАлла! Күш-қуат, даңқ-абырой туралы ойлама, өзіңді қинама, әй! Ризығың үшін дұға ет, міне, бұл да ризық үшін жасалған себеп. «Уақиға» сүресін оқы, міне, бұл да зор себеп! Осы себептерді іске асыр, басқасына да жігер келеді, ризық деп өзіңді отқа да, суға да салып не істейсің енді? Ризық беру — Құдайдың ісі, бермегенін тартып аласың ба? Бергенін қайтарып лақтырасың ба? Барына шүкір ет, болды. Не істейсің, ризық деп өзіңді қинап! Сен өз ісіңді істе, пенденің ісін істе, шырағым.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.