Тіл

ТӨРТІНШІ ТАРАУ

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

ТӨРТІНШІ ТАРАУ

Бірінші бөлім

ҚЫЗ

Ұлы бардың орны бар, қызы бардың қадірі бар. Қызы бардың назы бар. Қыз — жәннаттың кілті. Қыз — отбасының берекесі. Қыз — мейірімнің бұлағы. Адамдар қыз көргенде перзент мейірімін табады. Қыз — адалдықтың символы, пәктіктің рәмізі, жақсылық пен береке хабаршысы. Қызы бардың бауыры бүтін. Қызы жоқтың бауыры кемтік. Қыз — отбасының нақ жүрегі. Әрбір қыз отбасы үшін өмір мен өлімнің рәмізі. Қыздар — отбасының сыры, абыройы. Қыз қандай болса, отбасы да сондай. Қыздың ибасы мен пәктігі — отбасының ибасы мен пәктігі. Қыздың ақылды, зерек әрі парасатты болуы — отбасының саулығы мен денсаулығынан. Қыздың еңбекқор, әдепті, епті болуы — отбасының кемелдігі мен нәсілдің ізгілігінен. Қыздың бақытты әрі разы, көздерінің жайнауы мен жүзінің нұрлы болуы — ата-ананың даналығынан, кеңпейілділігі мен табандылығынан. Қыздың төзімділігі, ерік-жігері, адалдығы — нәсілдің, әулет тегінің ақиқаты, сипаты. Қыз ибалы болса, отбасының жүзі жарқын. Қыз еңбекқор болса, отбасының ризығы берекелі. Қыз жұмсақ әрі нәзік болса, отбасында тыныштық пен бақыт салтанат құрады. Қыз қорғауда болса, бүкіл отбасы қорғалған саналады. Қыз бөтен көздердің қаупінен, шабуылынан және нәпсісінен аман болса, отбасының тегі, нәсілі, абыройы аман. Қыз сырлы болса, бұл ол үшін мәңгілік сауыт; қыздың тілі тәтті болса, бұл оның мәңгілік қалқаны. Қыз қанағатшыл әрі мойынсұнғыш болса, бұл оның бақыт кепілі. Ешқашан мұндай қасиетті әрі кемел қыздар бақытсыз болмайды. Отбасының төріне ұмтылған қыз — шексіз бақытты. Қыз ұятсыз; ашкөз; жеңілтек; ақылсыз; салақ, ибасыз; сабырсыз; жеңілтек; екіжүзді; жалқау; бетпақ; безбет; арсыз; мойынсұнбайтын; төзімсіз; ойсыз; парасатсыз; ақымақ болса, сол отбасының іргетасына сызат түсіпті; әулет қатерде, нәсіл қауіп астында қалыпты. Мұндай қыз — ата-ананың қасіреті; аға-інілердің соры; тұрмысқа шығатын күйеуінің бақытсыздығы. Көшеге жүгіріп, үйден қашатын, насихатты алмайтын және қараусыз қалған — ең сормаңдай қыз. Барлық қыздарға кемел әрі толық қуаныш, бақыт пен пәк махаббат жар болсын!

Акром МАЛИК

2 780рет қаралды

Пікірлер

    Басқа мақалалар

    Ақымақ кім десе, біл, ақымақ — пайда мен зиянды ажыратпайтын адам. Ақымақ соншалық бейшара, пайдасы үшін…

    Ол шыбындарды ұстау үшін қойылатын шәрбәттен ғибрат ала алмағаны үшін де ақымақ. Ақымақтан аулақ бол: ол сені екіленбей өлтіріп қояды да, білмеп едім деп тұра береді.

    1 мин

    Басыңа қанша қасірет түссе де, үнсіз бол. Тым-тырыс бол. Сөйлеме. Мүмкіндігінше назар аударма. Өзіңді ағысқа…

    Саған келген сынақ — торлы тұзаққа ұқсайды: қанша тыпырласаң, соншалық орала бересің. Сабырлы бол. Әрине, тұзақтан шығасың. Дәл жоқ сияқты тұр. Шабуыл жасағандар мақсаттарына жете…

    1 мин

    Адамдардың қандай екенін білемін деп тырыспа, олар өз қылықтарымен кім екендерін білдіреді: дана даналығын;…

    Осылайша адалдың адалдығы, табандының табандылығы, сүйіктінің махаббаты көрінеді. Бақыла да, қорытынды жаса. Опасыздығы шыққан опасызды, ақымақтығы дәлелденген ақымақты қайта дос…

    1 мин

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.