Иман
Бір нүктеге келіп нәпсі мен жан,
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Бір нүктеге келіп нәпсі мен жан,Жүректе қалды тек хүсни зан,Егер іздесең мәңгі өмір,Жалғыз Оның зікірі көркем.Ешкімнен күтпе адалдық,Адалдыққа шыдай алмассың.Жалғыз Оған көрсет мойынсұну,Жалғыз Оның ғышқы көркем.Бұл дүние негізі – зындан,Қалай болам онда шат-хандан?!Әр тарапта шынжырлар айқын,Жалғыз Оның үйі көркем.Өзіңді де тастағың келер,Даргаһына азат жеткің келер,Жолдарыңда сабырлар желер,Жалғыз Оның ойы көркем.Ұқпасқа ұқтырма, тамам,Ғам-қайғыны ет харам,Оған көрсет ғышқ пен құрмет,Жалғыз Оның Өзі көркем.2020 жыл, 17 тамыз.Акром МАЛИК
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.