Махаббат
ПӘРУАНА СЫРЫ
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Пәруана жайлы өте көп сөз бар,Айтады: отқа өзін ұрар ол!Неге мұндай тағдыр? Қандай мақсат бар –Отқа сонша батыл кірер ол?!Неге жануға ол соншалық ғашық –Күйудің гауһарында қандай сыр жасырын?!Болмыстан, ашық бұл әлемнен қашып,Оттың құшағынан табар ма жаһан?!Ешбір пенде білмеген мұның жауабын,Тіпті ақылдыларға жабық бұл жұмбақ.Мен болсам деймін: шашып ұйқыңды,Сен де алау ішінде жаныңды бір жақ.Менің тыныштығым жоқ, ықтиярым жоқ –От тырнағында қалмайды тағат.Сен туралы ойдың бір ғана ұшқыныЖан-жаһанымды жағар мейірімсіз.Бәлкім Сенің махаббатың – алау, Уаллаһи,Білмеймін, шынжырланған Халилмін бе мен?!Отта күймегімнен ақылым хабардар,Неге отыңа зәлілмін мен?!Ертеңім қандай болар – мүлдем қараңғы,Бірақ бүгін халім тым ғаріп.Осылай жасай берсем күйіп күннен күнге –Пәруана сырына жетсем, не ғажап...Акром МАЛИК19 қаңтар, 2023 жыл.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.