Тіл

Махаббат

Сенің күндеріңде мен көрінбеспін,

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Сенің күндеріңде мен көрінбеспін,Кезген гүлзарымнан таппассың ізім!Сенсіз жыламаспын, сенсіз күлмеспін,Неге мейірімсізсің, әй, аху көзім?!Қасіретім қанына батып кеттім,Айрылығым – күндей, шығыс болып кеттім.Күнін жоғалтқан батыс болып кеттім,Неге үн бермейсің, әй, аху көзім?!Сенсіз сәттерді ақылым танымас,Сенсіз сезімдерді жүрегім танымас,Маған зұлымдық қылдың, мейлі, мен емес –Адам қадірін біл, әй, аху көзім!Сенен кешіп кеткім келер, не етейін?!Сенен қашып кеткім келер, не етейін?Бірақ өзімнен қашып қайда кетейін?!Неге естімейсің, әй, аху көзім?Күндіздер қарайды – өйткені сен жоқсың,Қара түн тарылды – өйткені сен жоқсың,Жүрек сені сұрайды – өйткені сен жоқсың,Хабар бер өзіңнен, әй, аху көзім!Еш ұстатпайсың ахудай сен,Көксімді күйдірдің яһудай сен!Сені удай ішкен бе едім мен?!Жанымды қинадың, әй, аху көзім!Дүниеде мұңлы жасап жүргенше,Саған пәриядым жетпейінше – науқас,Өлсем, рухым Саған сөйлемек қаларТүстеріңе кіріп, әй, аху көзім!Акром МАЛИК2023

2 090рет қаралды

Пікірлер

    Басқа өлеңдер

    ПӘРУАНА СЫРЫ

    Пәруана жайлы өте көп сөз бар, Айтады: отқа өзін ұрар ол!

    Махаббат

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.