Сабыр
Сонша аңғалсың, сонша надан,
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Сонша аңғалсың, сонша надан,Тіпті, бұл дүниеден дос іздейсің сен!Ғұмырың өте берер көз жасты, зарлы,Ғашық пен опа деп не сөйлейсің сен?!Білдің, бұл әлемнің жолы осындай:Жалғыздық таңбасы маңдайыңда.Өзің жақсы білген хақ күндей анық –Қайғының Отаны табалдырығыңда.Халіңе қарасам егер, аяйтыным келеді,Сонша әлсізсің – нәпсіңе бағынышты.Жүрегіңдегі отты ғашық дейді ұғымың,Күл етіп сапырды сені күннен күнге.Дүниеге сыймайсың, тартасың пәрияд,Аһың қанға сіңер түтін секілді.Бойың тік, жүзіңде бәрі жайнаған,Ішің төгілген, сыртың бүтін.Жаралы халіңе рақым етсін Рабб,Соңғы үйіңді етсін жап-жарық.Тозаққа тастап бермесін азап,Рахметін сенен аямасын.Акром МАЛИК
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.