Иман
Бір әулие бар еді кішіпейіл, мұңлы,
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Бір әулие бар еді кішіпейіл, мұңлы,Көзін толтырған әрдайым жасы.Хал иесі еді, байсалдылық иесі,Әрдайым көзі жерде, иілген басы.Сауал берді оған бір батыл жан:«Неге көзіңізде әрдайым ылғал бар?»Деді: «Ғапылдығым – ақиқат,Ақыры, жылаудан басқа не бар менде?!»Тағы сұрады: «Ардақты ұстаз,Неге басыңыз осынша иілген?»Сыбырлап деді: «Мен – лас құлмын,Құлға, ақыры, тек құлдық жарасар.Көңілім көргенін сізге ашайын –Әр сәт қарап тұрар Парвардигарым.Енді қалайша басымды тік ұстайын,Бас июде менің еркім жоқ...»Акром МАЛИК
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.