Тіл

Даналық

Шындық пен өтірік арасында қабырға бар, бірақ

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Шындық пен өтірік арасында қабырға бар, бірақБұл қабырға жібектей, мөлдір, нәзік.Өтіріктен өмір бойы тұрмасаң жырақ,Шындық шекарасынан қуылу айқын.Бір рет өтірік айтқан екінші мәртеӨтірік сөйлеуден әсте тартынбас,Алдаудың балын татқан, әлбетте,Ақиқат уына енді батылы бармас.Өтірік бара-бара жыландай буып,Рухыңды екіжүзділікке етер тұтқын.Күн сайын мың бір айла тоқып,Боларсың күннен-күнге мінезі жұтаң.Енді мүнафыққа айналып тамам,Ақыры келер иманға қатер.Жүрегіңе жегізген соң күнде харам,Бәле бар ма, ақыр, бұдан да бетер?!Сол себепті халіңе бол сақ,Білмей нәпсі-шайтан айласына алданба.Әлі өлмей тұрып, қорлықтың, әттең,Қап-қара, азапты қабіріне түспе.Ниетің пәк болсын, істерің дұрыс,Сөздерің аз болсын, бірақ ақиқат.Сонда тыныштықтың жолымен жүріп,Даңқ пен абырой болар тапқаның тек.Акром МАЛИК

4 130рет қаралды

Пікірлер

    Басқа өлеңдер

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.