Тіл

Даналық

Өлең – екі кісінің ісі, әлбетте,

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Өлең – екі кісінің ісі, әлбетте,Ақын мен оқырманның серіктік ісі.Егер ақын болса өнер иесі,Ақындай терең – түсінген кісі.Өлең жазу – дерт шегу, аһ-уһ ету,Өлеңді ұққанның есімі – мұңдас.Бір мәртебе болса дертті болу,Дерт шегушінің мәртебесі он есе биік.Өлеңді ұққанның табиғаты сау,Өлеңді сезгеннің зейіні тура.Біреу шебер болса, біреу ғалым,Егер өлеңді білмесе, ол аталар кім?!Хикмет жаңғырмаса жырларда биік,«Өлең емес» дер ме еді Хақ өз аятын?!Өйткені бір сипатта болмаса ұқсас,Арасын ажыратудың бар ма қажеті?!Әдемі өлең қайсы, қайсысы уәсуәсе –Кемел ақыл, пәк жүрек ажыратар, әлбетте.Кімде әулиелерге тән түсінік пен кәшф бар,Өлеңнің сырларын түсіндірер, әлбетте.Егер өлең шын сөзді ашса,Ақын мен оқырманды нұрға бастар.Егер өлең болса өтірікті мадақтаушы,Ақын мен оқырманды шыңырауға тастар.Әй, өлең жазғандар, өлең сүйгендер,Жалғаннан жиреніңдер, сүйіңдер шын сөзді.Ғашықтық отында бауыры күйгендер,Махшарда күліп ашайық көзді.Акром МАЛИК

4 190рет қаралды

Пікірлер

    Басқа өлеңдер

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.