Иман
Нәбилер жолына әуес, әй, жүрек,
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Нәбилер жолына әуес, әй, жүрек,Әулиелер сүлукін арман қылған жан!Өзіңді өлмей тұрып өлі біл,Әр түні топыраққа кіріп жалғыз жат!..Нәбилердің ізін тілеп-аңсап,Әулиелердің қолын сүю – мақсатың,Мұндай ниеттерді тапқан заматтаӨзіңмен күресіп өткей фурсатың.Алдымен қателеріңді көргейсің анық,Барша кемшілігіңе болғайсың иқрар.Ұғып, бұл дүние – гүлбақ – үлкен зындан екенін,Бақи кеңістіктерден іздейсің қарар.Белді буғаннан кейін ұлы сапарға,Шын абыройға қарай бет алған соң,Жаралы жүрегіңді ашып сәһарға,Түнде жол алғайсың ол мақсат жаққа.Бірте-бірте өлгей дүниеге әуестік,Бірте-бірте таусылар әр не қажеттілік.Білгейсің – нәбилер ұшыраған сынақСаған келмеуіне жоқ екен амал!..Хақтың жақындығын қалағанда сенХақ иелерінің жолынан, әлбетте, өткейсің.Әр нәби сіміріп алған қорлық шәрбатынСен де тостаған-тостаған, бір-бірлеп татқайсың.Акром МАЛИК
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.