Тіл

Иман

Ең ұлы нығмет – білмек Құдайды,

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Ең ұлы нығмет – білмек Құдайды,Құдайды тану, Оған сыйыну.Одан күтіп әр не лұтф пен атаны,Сағынсаң, Құдайдың досын сағыну.Бірақ азап екен, күйзеліс, әттең,Құдайды танып, соң қалуың есеңгіреп.Болу керек ес-түспен хабардар –Құдайды еске алу – әр сәт ұлы бақ.Құдайды таныған болсаң, әй, азиз,Бұл қуаныш сезімін тереңірек сезін.Тік тұр, иіл және күнде бүгіп тіз,Ізетті басыңды сәждеге қойғын.Түрлі мұсибаттар шықса жолыңнан,Түрлі ләззаттардан қалсаң алыстап –Бұл істердің бәрі, сенгін, жүрегіңеҚұдайды еске ал деген қоңырау.Жүрегіңді жөнсіз оймен былғама,Дүние махаббатына сезбе мұқтаждық.Ең үлкен жақсылық – құлға ескерту:Құдайға мұқтажсың, мұқтажсың, мұқтаж.Акром МАЛИК

3 030рет қаралды

Пікірлер

    Басқа өлеңдер

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.