Иман
Бұл әлемді толтырған ілаһи тәжәллилер,
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Бұл әлемді толтырған ілаһи тәжәллилер,Пендеге уәжіп болар жалбарыну, тәуәллалар.Жүрегің көре алса, иқрар етіп, растағай –Хақтың рахметі мен әділетінің сипатын лаухына жазғай.Құдай саған жіберсе он мұсибат кенет,Жиырма медет қосып жолдағай, біліп қой!Бір ауру берсе, екі шипасы болғай,Тұншыққан түннің артынан таңның сафасы келгей.Күнәға ұшырасаң, жасырғай, сыр тұтқай,Әр сәтте үн қатып, истиғфарыңды күткей.Жаза да келмес кенет, алдымен келгей желі,Яғни дегей: «Тәубе қыл, пенде, міне, осы – халің!»Қанша шектен шықсаң да, асықпас, етпес қаталдық,Бәлкім, тәубе қылғайсың, Хақтан бұл – рахмет.Және бір күні ел-жұртқа сенің жүзің ашылғай,Масқара болғайсың да, дос пен дұшпан қашқай.Әлі бұл таңба емес – тозаққа деген үкім,Құдайдың үкімі ешбір пендеге белгілі емес!Яғни тәубе есігі әлі де ашық, ашық,Әй, пенде, нәжат тапқын Құдай табалдырығына қашып!Нәпсі құтырғай, тоймағай ләззат пен рахатқа еш,Шайтан жақындатпағай кешірім мен ақталуға еш.Үмітсіз болуыңды қалағай әрдайым шайтан,Имансыз өлуіңді қалағай әрдайым шайтан.Құдай бәле берсе бір, қорғауы мың болғай,Жер жүзін тар десең, жұмақтары кең болғай.Құдайдың әділеті сол – әр құлыпқа кілт бар,Кілтті тауып беріп, тағы Өзі медеткер!Құдайдың рахметі сол – бір сынаққа мың сауап,Түн қанша қара болса, одан жарығырақ таң.Сені соншама шұңқырларға түсірген де Құдай,Мұсибаттарда шыңдап, пісірген де Құдай.Әр қадамда бір тікен, ұстатып тағы он гүл,Сені тазартып мәңгілік өмірге шақырғай Ол.Құдайдың рахметі мен әділеті, хикметі – нұр, әй, дос,Мұны ұққан адам азат әрі еркін, әй, дос.Акром МАЛИК
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.