Тіл

Иман

Басыма не мұсибат түссе де,

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Басыма не мұсибат түссе де,Өлтір мені демедім, Құдай.Сен жайында жақсы ойданӨзгесі еш келмеді, Құдай.Саған әрдайым сендім тек,Бергеніңе қуандым тек,Күнә етсем де, жандым тек,Тозақта жандырма, Құдай.Зікірің болды жүректің жәннаты,Бәлкім ғашық құлдың жәннаты,Саған қарай жолдың жәннаты,Жәннатыңнан шығарма, Құдай.Өз нәпсіме жетпейді күшім,Шайтаннан да көп еді өшім,Ақыретке жарамсыз көшім,Шапағатыңа зармын, Құдай.Кейде сүйдім адам затын,Таттым ғашықтықтың ащы дәмін,Бірақ тағы Саған батылданып,Махаббатыңды сұраймын, Құдай.Сүйгендерім салды қасірет,Шектім ұзақ мұсибат пен қасірет,Кеудемде жылтыраған шам —Өзің жақтың, өшірме, Құдай.Кімде-кім кірген болса жүрегіме,Ойнап жүрген болса жүрегімде,Қанжар салған болса жүрегіме,Ұмыттым да, құтылдым, Құдай.Берген болсаң қандай жақсы нығмет,Біреуге өң, біреуге түс нығмет,Барлығы жақсы, барлығы қымбат,Шүкір еттім бәріне, Құдай.Ұзақ жасап, құлшылық етсем,Саған толық мойынсұнсам!Махаббаттан ғимарат етсем,Сенен соны сұраймын, Құдай.Түйірдей де күнә қаламаймын,Сенен басқа жәрдемші қаламаймын!Сенен басқа пана қаламаймын,Тілегіме жеткізе гөр, Құдай!Бейғамдықтардан құтқара гөр,Болмысыма ықылас ата ет!Құлым десең ерекше әрі хас,Бұдан басқа не керек, Құдай!Акром МАЛИК

2 500рет қаралды

Пікірлер

    Басқа өлеңдер

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.