ҰЗАҚ ӨМІР СҮРУДІ ҚАЛАЙМЫН, білесің бе, неге?
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
ҰЗАҚ ӨМІР СҮРУДІ ҚАЛАЙМЫН, білесің бе, неге?
Раббым берген тағдырды ризашылықпен сүріп өту үшін.
Раббыма тәубелер қылып қалу үшін.
Құдайыма көптен-көп ғибадаттар қылу үшін.
Адамдарға көп қызметім жетуі үшін.
Адамдарға көптен-көп мейір үлестіру және олардың бақытты болуына себеп болу үшін.
Раббымның жақсылықтары бұл дүние бойына да шашылған, сол жақсылықтарды құс дән теріп жегендей, құс шоқығандай шоқып теріп жүрсем және бұдан ләззат алсам!
Жүрегім шүкір мен құштарлыққа толып-тасыса!
Бұл дүние де, ақырет те Құдайымның салтанаты. Құдайымның салтанатында мойынсұнғыш бір құл болып дәурен сүрсем, ақыры, мұның несі жаман?
Ұзақ өмір сүруді, ғұмырымның соңында өлім азабын көрмей, шаттық пен қуанышпен, күлкіге толып, ақыретке сапарыма шығып кетуді қалаймын.
Ұзақ өмір сүріп, Парвардигарымның нығметтеріне қуанып, алғыстармен өмір сүру де сұлу, соңынан бұл өмірдің жұмаққа ұласып кетуі де сұлу.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.