Тіл

ТОПЫРАҚ БОЛУ, МЕНСІНБЕУГЕ ҰШЫРАУ ЖӘНЕ ҚОРЛАНУ РАХАТЫ ізет пен көкке көтерілуден гөрі жақсырақ екенін білуші…

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

ТОПЫРАҚ БОЛУ, МЕНСІНБЕУГЕ ҰШЫРАУ ЖӘНЕ ҚОРЛАНУ РАХАТЫ ізет пен көкке көтерілуден гөрі жақсырақ екенін білуші ме едің?!

Адамдар сені мақтаған сайын ішің кір мен күйеге толып кете береді.

Көздерің соқыр болып, амалдарыңды бағалауда сипалап қаласың.

Мақтап және ұлықтап жатқандардың сөздері жүректерінен шығып жатыр ма. тілдерінен бе. біле алмайсың.

Бірақ сені сөккенде, кінәлағанда ақиқатпен бетпе-бет келіп жатқаныңды түсін.

Өзің туралы ең дұрыс сөздерді тыңдап жатырсың. Құлағыңа хақ сөзді жеткізген Раббыңа шүкірлер қыл.

Ауырсынба. Ренжіме. Шыншылдың тілінен сүй.

Сені тастап кетсе, екі есе қуануың керек. Өйткені адамдар өз еркіндегі істі істеп жатыр. Олар өз еріктерін көрсетті. Демек, адамдардың еркін әрі азат болуына рұқсат беріпсің, ешкімді құл қылып ұстап тұрған жоқсың, ешкімді зынданға салмай отырсың. Мүмкіндік бер, мүмкіндігі бар барлығы кетсін, рахаттансын!

Сен рахаттан.

Шын жүректен ләззат ал.

Әлемде қабірде өмір сүргендей өмір сүре алмайсың ба?

Өлгеніңде табытыңды мыңдаған адам көтеруі мүмкін.

Бірақ қабірге қойғаннан кейін кетеді. Орныңнан тұрып біреуді ұстап қала аласың ба? Қалыңдар, кетпеңіздер дей аласың ба?

Соңғы мекен мен күмәнсіз ақиқаттың аты – Қабір ғой.

Қазірден-ақ қабірде өмір сүргендей өмір сүрген адам Қабірге түскенде өмір сүруге қиналмаса керек, иншаАллаһ. Уаллаһу ағләм.

Жаназаңа келгендерді қуа алмағаның сияқты, алдыңа келгендерді қума.

Қабірде сені қалдырып кеткендерді ұстап қала алмағаның сияқты, кеткендерді ұстап қаламын деме.

Өзгелердің де, өзіңнің де еркін өмір сүруің үшін жағдай жаса. Қабірде адамдардан қаншалық еркін болсаң, қазір де еркін бол. Басқалардың да солай болуына кедергі жасама, әсте!

2 730рет қаралды

Пікірлер

    Басқа мақалалар

    ТАП-ТАЗА ЖАЛАҒА ҚАЛУДЫҢ ЛӘЗЗАТЫН БІЛЕСІҢ БЕ?

    Алдымен сондай күйзеліске салады, тістерің бір апта тоқтамай ауырса да, бұған тең келе алмайды. Біреу көтеріп... жоқ, Жүсіпті ағалары құдыққа көтеріп лақтырып жібереді ғой, дәл…

    1 мин

    КЕШІРУ ЖӘНЕ ЖҮРЕККЕ ҚҰДАЙДАН БАСҚАНЫ КІРГІЗБЕУ – азаптардың аяқталуы, ләззат пен құштарлықтың басталуы.

    Адамдардың махаббатын талап етуде нәпсінің үлесі бар. Сені біреу сүйгеніне қуануың нәпсіңнің ләззат сезініп жатқанының белгісі. Сені біреу сүйсе, қуанба. Өйткені ол – уақытша.…

    1 мин

    ҚҰДАЙДЫ ТАНУДЫҢ ТАҒЫ БІР БЕЛГІСІ мынау: саған жамандық жасағандарды кешіресің.

    Олардың ақысына дұға жасайсың. Іштей олар үшін жақсылық тілейсің. Ешбір адамның тозақта жануын қаламайсың. Ешбір адамға азап пен жаза тілемейсің. Бәрін Құдайдың еркіне тапсырасың.…

    1 мин

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.