КЕШІРУ ЖӘНЕ ЖҮРЕККЕ ҚҰДАЙДАН БАСҚАНЫ КІРГІЗБЕУ – азаптардың аяқталуы, ләззат пен құштарлықтың басталуы.
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
КЕШІРУ ЖӘНЕ ЖҮРЕККЕ ҚҰДАЙДАН БАСҚАНЫ КІРГІЗБЕУ – азаптардың аяқталуы, ләззат пен құштарлықтың басталуы.
Адамдардың махаббатын талап етуде нәпсінің үлесі бар.
Сені біреу сүйгеніне қуануың нәпсіңнің ләззат сезініп жатқанының белгісі.
Сені біреу сүйсе, қуанба. Өйткені ол – уақытша.
Біреуді сүйсең, сабыр қыл. Сезімдеріңнің ақиқаты айқындалуы үшін уақыт пен сынақ қажет.
Жүректі Хақ Тағала Өзі үшін назаргаһ етті.
Жүректі Парвардигар Өзінің тәжәлли айнасы етті.
Жүректі Құдай Кәрим иманның мекені етіп таңдады.
Оған басқа нәрсені кіргізсең, Ол Жаратқанның қызғанышын келтіресің.
Кәримул-Мутағалдың қызғанышы – ең қатты қызғаныш.
Жүрегіңді ауыртып-ауыртып, сүйгендеріңнен ащы-ащы азаптарды қалдырып, сенен барлығын тартып алады.
Кейін жүрегіңе қарасаң, оның түйір-түйір қан болғанын көресің.
Ол қандар сенің жүрегіңе жабысып, ет бойлап кеткен бөтендер суырылып, жұлып алынғанының белгісі.
Қатты ауырады.
Өте-өте ауырады.
Білесің бе, көз жасының тұзды екенін?
Көз жасыңның тұзы жүрегіңнің түйірлеріне жауып-жауып, бұл жараларды емдейді.
Тыртық-тыртықтар қалады.
Енді бұл жүректі баурау сұлулар үшін мүмкін емес.
Өйткені жүрек әр сұлулықтың артындағы опасыздық пен айланы көрді.
Енді жүректің өз Иесіне бет бұрғаны жөн.
Оны тастап кеткендерді кінәламасын, өйткені олардың айыбы жоқ, олар Тәңірдің хикметімен кетті.
Жүрегіңе Құдайдан басқаны кіргізбе.
Жүрегіңнің есіктерін Құдайдан басқаға ашпа.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.