ТАП-ТАЗА ЖАЛАҒА ҚАЛУДЫҢ ЛӘЗЗАТЫН БІЛЕСІҢ БЕ?
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
ТАП-ТАЗА ЖАЛАҒА ҚАЛУДЫҢ ЛӘЗЗАТЫН БІЛЕСІҢ БЕ?
Алдымен сондай күйзеліске салады, тістерің бір апта тоқтамай ауырса да, бұған тең келе алмайды.
Біреу көтеріп... жоқ, Жүсіпті ағалары құдыққа көтеріп лақтырып жібереді ғой, дәл солай: ағаларың сені көтереді, аһ, аһ, рахат деген кезіңде, бар күштерімен басыңды жерге қаратып лақтырады.
Жерге миыңмен соғылғанша, қалжыңдасты деп ойлайсың.
Соғылғанда, көз алдың қап-қара болып қалады.
Миың шағылып кеткендей болады.
Сонда олар сені ашумен, қаһар мен аяусыздықпен жерге ұрғанын ұғып қаласың.
Не жылауға, не еңіреуге шамаң болмайды.
Кейін арадан қырық күн. Сексен күн өтеді.
Кейін көз алдың жарық болады.
Сонда күнәсіз едім ғой дейсің.
Ағаларыма ешнәрсе істемеп едім ғой дейсің.
Жалғыз айыбым оларды сүйгенім еді ғой дейсің.
Міне, жалаға ұшыраудың тәмсілі осы болады.
Жалаға ұшырағанда, ақылың жиналатын күні жалаға ұшыраудың рахатын табасың.
Ақыры, сен бұл тұрғыда пәксің.
Демек, саған жала жабылыпты.
Демек... бұл қасиетті бір іске ұқсайды. Хақ екеніңнің сезімінен мас боласың.
Құдаймен сырлас сезінесің өзіңді. Өйткені Ол да, сен де білесің, саған жала жабылды. Құдай мен сен білесің, сен бұл мәселеде пәксің.
Құдай мен сені сырлас еткен жалаға рахмет, жала жабушыға алғыс.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.