Тіл

Бір нәрсе бізге жетпей жатқандай.

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Бір нәрсе бізге жетпей жатқандай. Бір нәрсе бізден қашып барады және оны ұстап алу үшін асығып жатырмыз. Шын мәнінде, бәрі орнында, бәрі тепе-теңдікте — ниетімізге лайық әрекеттеміз. Әрекетке лайық береке келіп жатыр. Күнәларымыз тосқауыл болып, жолымызды бөгеп тұр, истиғфар мен қайырлы амалдарымыз бұл тосқауылдарды құлатып жатыр. Жүрегімізде Құдайға қаншалықты сынып жалбарынсақ, өміріміздегі қиындықтар соншалықты шешіліп жатыр. Тек біз асығып жатырмыз. Тек біз бекер жанталасып жатырмыз. Ризық пен несібе Құдайдың ихтиярында бола тұра көнбей жатырмыз. Ештеңенің ерте-кеші жоқ: бәрі өз уақытында болады, істі бұзса, пенденің асығыстығы бұзады. Құлдан талап етілетіні: жақсы ниет, күнәларға тәубе, ауыртпалыққа сабыр, нығметтерге шүкір және Құдайға құлшылық пен зікір. Әлемді тәрбиелеп тұрған Затты танысаң, қайда асығасың және не үшін төзімсіз боласың? Сабырсыздығымыз бен надандығымыз, бейғамдығымыз бен сорлылығымыз үшін бізді кешір, Құдайым!

3 530рет қаралды

Пікірлер

    Басқа мақалалар

    Алдымен нәпсіге ереміз — амалдарымыз нашарлайды. Тыйым салынған істерді жасаймыз. Соның салдарынан жүректе…

    Міне, осы — жүректің өлімі. Құдай сақтасын! Жүректің дерті ең алдымен ашумен көрініс табады. Ашудың бекерден-бекер лаулауы жүректегі ауыр дерттен хабар береді. Екіншіден,…

    1 мин

    3-бөлім

    Бұл мүрид басқа серіктерін жинап, Константинопольге барды. Содан соң бәрі бірігіп, жамағат болып, Құдайға жалбарына бастады: зікір мен тілауат, истиғфар мен салауат айтып,…

    2 мин

    2-бөлім

    … Шейх Санъан шіркеуде христиан монахтарының арасында діннен шықты, ислам елдерінде кәпірліктің белгісі саналған зуннар белбеуін беліне байлады; шарап ішті және Мұсхафты отқа…

    2 мин

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.