Алдымен нәпсіге ереміз — амалдарымыз нашарлайды. Тыйым салынған істерді жасаймыз. Соның салдарынан жүректе…
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Алдымен нәпсіге ереміз — амалдарымыз нашарлайды. Тыйым салынған істерді жасаймыз. Соның салдарынан жүректе дерт пайда болады. Ақыл нәпсіні пасықтықтан тыя алмаған соң, адам жиіркенішті істерді жалғастыра береді. Жүрек алдымен таттанады, оны қара күйе басады, кейін бүлінеді, іриді, бір уыс сасық сұйықтық күйіне келеді. Міне, осы — жүректің өлімі. Құдай сақтасын! Жүректің дерті ең алдымен ашумен көрініс табады. Ашудың бекерден-бекер лаулауы жүректегі ауыр дерттен хабар береді. Екіншіден, тәкаппарлық, басқаларды төмен санау және олардан өзін жоғары қою — жүректің дерті. Үшіншіден, адамдар туралы әрдайым жаман ойда болу, оларды негізсіз айыптау — жүректің кеселі. Төртіншіден, адамдардың айыбын білуге, сырларын ашуға құмар болу және бұдан рахаттану жүректің қатты зақымданғанының дәлелі саналады. Бесіншіден, мақтау мен мақтануды жақсы көру жүректің халі аянышты екенінен. Алтыншыдан, адамдардың назары мен мойындауына, өзі туралы сырттан келетін алғыстарға ынтығу — жүректің әлсіздігінен. Мұндай кеселдерге ұшыраған адамдарда асығыстық, хақты және насихатты қабылдамау, ғайбатшылдық, өсекшілдік, өтірікшілдік, қулық, екіжүзділік, зұлымдық сияқты әрекеттер көрінеді. Жүректі түзету туралы ойлау керек. Сондай-ақ, харам және күмәнді тағамдар — адам жүрегі дертінің негізі. Кез келген жараймайтын әрекеттің астарында жүректің дерті жатады.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.