Жастарды таза әрі пәк болады деп білуші едім. Кейін белгілі болды, жастар арасында да айлакер, екіжүзділері…
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Жастарды таза әрі пәк болады деп білуші едім. Кейін белгілі болды, жастар арасында да айлакер, екіжүзділері көп екен. Саған жақсы қарап, ата-анасына әдепсіздік жасайтындары бар екен. Бұлар — опасыздар. Сені тек ісін бітіріп беретін құрал деп қарайтындары көп екен. Бұлар — пасықтар. Саған өзін бейшара көрсетіп, сыртыңнан жаман сөздер тарататындары да көп екен. Олар — қор болғандар. Адам өмірінің тамалын — іргетасын жігіттік шағында қалайды. Жігіттігіңді пасықтықпен, екіжүзділікпен, шыдамсыздықпен, опасыздықпен, ақымақтықпен, дүниеқорлықпен, мұнафықтықпен, нәпсіқұмарлықпен, тәкаппарлықпен өткізер болсаң, сені болашақта осы жиіркенішті істердің жемісі күтіп тұрады. Қаласаң да, қаламасаң да, жейсің. Жастықты төзімділікпен, адалдықпен, пәктікпен, сенімділікпен, еңбекпен, табандылықпен, махаббатпен, ұмтылыспен, шыншылдықпен, сабырмен, ғибадатпен безендірсең, сені болашақта ізет пен абырой күтуде. Жігіттің істеп жүрген ісі — тегі мен нәсілінің айнасы. Ол тегіндегі барлық кесел мен қасиетті әшкерелеп өмір сүреді. Басқаша болуы мүмкін емес. Әрине, тәубе мен тәуфиқ есігі ашық, оған да тегі мен нәсілінде жақсылығы барлар қол жеткізеді.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.