Тіл

ТӨРТІНШІ ТАРАУ

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

ТӨРТІНШІ ТАРАУ

Екінші бөлім

Қыздарға хат

Қызым! Сен өте нәзік, сыпайы әрі әлсіз болып жаратылдың. Сенің қуатың мен ізетің — осы сипаттарыңда. Сен сүйікті әрі қадірлі болып жаратылдың, саған махаббат мойынсұнушылығыңнан, парасатыңнан және тәтті сөздеріңнен келеді. Қызым! Өзіңді көрсетуге асықпа, түрлі әшекейлерге құмар болма, құрбыларыңа қарап әуестік шынжырына байланба. Сенің өзің — бөлек әлемсің, сен бір кітапсың, оның беттерін бәріне ашып тастама. Қызым! Егер сен отбасы қорғауынан тыс шықсаң, жұмыртқадан шыққан құс балапаны қандай жалаңаш болса, сондай жалаңаш күйде қаласың. Сен мені бөтендер қорғайды деп ойлама, кез келген бөтен бұл суық дүниеде саған сұмдық көзбен қарайды. Қызым! Білесің бе, сен қаншалықты махаббат пен мейірімге лайықсың! Сенің жүрегің қаншалықты сүйіспеншілік пен махаббатқа толып-тасыған! Және өзің қаншалықты махаббат пен мейірімге мұқтажсың! Сенің мейірімің болмаса, әлем қақаған аязда қалады; саған мейірім берілмесе, сен гүлдің бұтасы сияқты қурап қаласың. Бәрінің мейірімін жаулаймын, бәрінің махаббатын иеленемін деп ойлама, бәрінің махаббаты мен мейірімі — жоқ нәрсе; бәрінікі болған нәрсе — иесіз нәрсе. Сен тек өзіңе тиесілі адамдардың мейірімімен өмір сүре аласың; сен тек өзіңе тиесілі адамдарға мейірім беріп, біреулерді өмір сүргізе аласың. Саған тиесілі адамдар — бұл ата-анаң; апа-сіңлің; аға-інің…; және Құдай сыйлайтын өмірлік серігің — қожайының. Сосын перзенттерің. Олардан басқаның бәрі саған бөтен, олардың еркесі — Сен. Олардың байлығы — Сен. Сен үшін де олар — сенің өміріңнің мәні. Сондықтан өзіңді ешқашан бөтендердің қолына және назарына тастама! Қызым! Жүрегіңде қызғаныш болмасын. Апа-сіңлілеріңді қызғанба, оларға шынайы әрі мейірімді бол. Сен үшін жақын әрі ең жақсы сырлас — апа-сіңлілерің. Қызым! Саған қысқа әрі қарапайым айттым. Бұл сөздерді жаттап ал. Мағынасын ұқ. Және қадірің қаншалықты биік екенін ұмытпа. Сен — өмірдің гауһары, нұры және тамырысың. Бүкіл әлем саған мұқтаж. Өзіңді әрдайым сақта. Пәк атыңа дұшпандардың айласына алданып дақ түсірме, ол дақты кетіру өте қиын. Аллаға аманат бол, қызым!

Акром МАЛИК

3 500рет қаралды

Пікірлер

    Басқа мақалалар

    ТӨРТІНШІ ТАРАУ

    Бірінші бөлім ҚЫЗ Ұлы бардың орны бар, қызы бардың қадірі бар. Қызы бардың назы бар. Қыз — жәннаттың кілті. Қыз — отбасының берекесі. Қыз — мейірімнің бұлағы. Адамдар қыз көргенде…

    2 мин

    Ақымақ кім десе, біл, ақымақ — пайда мен зиянды ажыратпайтын адам. Ақымақ соншалық бейшара, пайдасы үшін…

    Ол шыбындарды ұстау үшін қойылатын шәрбәттен ғибрат ала алмағаны үшін де ақымақ. Ақымақтан аулақ бол: ол сені екіленбей өлтіріп қояды да, білмеп едім деп тұра береді.

    1 мин

    Басыңа қанша қасірет түссе де, үнсіз бол. Тым-тырыс бол. Сөйлеме. Мүмкіндігінше назар аударма. Өзіңді ағысқа…

    Саған келген сынақ — торлы тұзаққа ұқсайды: қанша тыпырласаң, соншалық орала бересің. Сабырлы бол. Әрине, тұзақтан шығасың. Дәл жоқ сияқты тұр. Шабуыл жасағандар мақсаттарына жете…

    1 мин

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.