Тіл

ТЕГІҢМЕН ТӘКАППАРЛАНБА

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Тек, зат, нәсіл — кен сияқты. Кенде алтын болса, мың жыл өтсе де сол алтын шығады. Күміс болса — күміс, темір болса — темір, гауһар болса — гауһар, көмір болса — көмір. Яғни ілім иелерінен ғалымдар, жол бастаушылар әулетінен жол бастаушылар, шеберден шебер шығуы әбден табиғи.

Нәсіл некемен қорғалады. Неке қорғанында туған перзент ата-анасының барлық қасиеттерін бойында сақтайды, ұрпағына жеткізеді, өз амалдарында бұл қасиеттерді танытады. Ал некесіз туған бала ата-анасындағы барлық жамандықты сақтайды, болашақ ұрпағына жеткізеді және өз амалдарымен көрсетеді.

Адам тегімен мақтанып, тәкаппарлануына болмайды. Тегін сақтау үшін қам жеуі керек, ал мақтану — ахлақтан тыс іс. Адам өз тегіндегі жақсы қасиеттерді жүзеге шығаруы және сол арқылы басқаларға қызмет етуі, адамдарға көмек беруі шарт. Тегіндегі ұлылықпен мақтану және өзгелерді төмен көру тәкаппарлық деп аталады. Ал тәкаппарлық — Алланың сипаты, бұл сипатқа таласқандар жәннаттың иісін де иіскемейді.

Бұл туралы Сопы Аллаяр хазіреттің мына бәйіттерін оқып, ой жүгіртуіміз пайдалы болады:

Тәкаппарлық қылма, әй, мәнсіз жан, «Пәленшенің ұлымын» деп, пәленше. Егер алдыңдағы құл болса әмір, Көңіліңді кек-кінәдан тазарт. Бұрынғы жайына қарама оның, Оны Тәңірім әзіз етсе, не шара?!

Әй, мәнсіз кісі! «Мен пәлен адамның ұлы пәленшемін» деп тәкаппарланба. Егер алдыңда қызметте жүрген қызметкер ертең лауазымға көтеріліп, бастық болып қалса, оған мойынсұн, «Кеше қызметші едің, бүгін әкім болып қалыпсың ғой» деген кінә-өшпенділіктен көңіліңді таза ұста. Оның бұрынғы жайына қарама, бәлкім Алла Тағала оны әзіз еткен екен, ендеше пендесінің бұл тағдырды мойындаудан өзге амалы жоқ.

Сенбе әкеңе, қалма талаптан, Қиямет күні сұралмас тектен. Хасаб — насабтан жоғары, әй, жақсы жан, Жібек тоннан озар жақсы тоқылған шәлі. Қарашаның ұлы қожа ұлынан кем, Білімді болса, сейіттен де озар ол.

Әкеңнің ізгілігі мен кемелдігіне, тапқан абыройына сеніп, ілім іздеуден, игі амалдар негізінде жақсы мінез қалыптастырудан құр қалма, өйткені Қиямет күні тек-нәсіл есепке алынбайды. Әй, болмысы пәк адам, біліп қой, хасаб (тақуалық, көркем мінез) насабтан жоғары тұрады, дәл жүннен жасалатын шәлі жақсы өңделіп тоқылса, сапасы жағынан қымбат жібек тоннан да асып түсетіні сияқты. Немесе «қараша», яғни тегі асыл әулетке байланбаған, қарапайым халықтың перзенті, тегі «қожа» ұлынан кем саналса да, ілім алып, білімді болуы арқылы қожалардың сауатсыз ұрпағынан дәрежесі асады.

(«Сабатул ажизин» еңбегінен алынған осы бәйіттердің түсіндірмесі ұстаз Рашид Захидтің қаламына тиесілі «Рауайих ур-райхан» кітабының 191 – 192-беттерінен көшірілді)

Аталған бәйіттер тегімен мақтанып, ілім алмай, надандық пен тәкаппарлыққа тұтқын болғандар үшін жақсы тәрбие. Хақ Тағаланың алдында Алладан қорқатын бейшаралар Алладан қорықпайтын күштілерден әлдеқайда артық.

4 310рет қаралды

Пікірлер

    Басқа мақалалар

    Ужб — адамның өзіне ғашық болуы.

    Хуббуз-зухур — өзін көрсетуді жақсы көру. Бұл күй адамды Алладан тосады. Алладан тосылсаң, не қажет сән-салтанат пен дабдабаларға? Алдымен ілім, сосын хилм жина. Қал, хал және…

    1 мин

    Ғылыми жетекшім академик Шухрат Сирожиддинов диссертацияны кафедра талқылауына ұсынды.

    Ілімге қатысты сөз айту өте жауапты екен. Әр сөзді мың ойлап, дәлелдер таразысына тартып, сосын ұсыну керек екен. Әр сөз есепте. Бір дыбысты, әріпті бекер қолдануға хақымыз жоқ…

    1 мин

    Ауруды күштірек ауру ұмыттырады.

    Қайғыны одан үлкені емдейді. Хазіретім Әлішер Науаи айтқандай: «Ғамның жоқтығы — зор ғам». Адамды насихат пен ғибрат емес, ауру мен қайғы есейтеді. Жаратылыстар әлемінде мұсибат…

    1 мин

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.