Тіл

Ауруды күштірек ауру ұмыттырады.

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Ауруды күштірек ауру ұмыттырады. Қайғыны одан үлкені емдейді. Хазіретім Әлішер Науаи айтқандай: «Ғамның жоқтығы — зор ғам». Адамды насихат пен ғибрат емес, ауру мен қайғы есейтеді. Жаратылыстар әлемінде мұсибат сияқты бір мұраббий бар ма?! Өміріміздегі зұлымдық — үлкен зұлымдық алауынан бір ұшқын ғана. Ең үлкен зұлымдық — бізге өзгелер емес, өзіміз жасаған зұлымдық. Адам өзіне өзі зұлымдық жасамайынша, адамдардан зұлымдық көрмейді. Ілаһи рақым ілаһи қаһардан үстем. Өзіміз үшін зұлымдық алауын жақтық, Алла оның бір ұшқынының тәнімізге тиюіне рұқсат берді. Біз бұл ұшқыннан әлем күйіп кеткендей пәрияд салдық. Ұшқынның тиюі — сақ болуымыз үшін. Ал зұлымдық алауы бізден бұрын жаһаннамға барып тұрады. Нағузу биллаһ! Адамның өзіне жасайтын зұлымдығы ілаһи шектерді бұзу және ілаһи тыйымдардан тыйылмаудан басталады. Адам бұл зұлымдыққа соншалық терең сүңгиді, зұлымдық пен азапты сезінуден мақұрым қалады. Мәселен, сырттан келген зұлымдық, ауру адамды сергек тартады. Оятады. Адам басына келіп жатқан зұлымдық пен ауруларды тексере-тексере, тізбектің алғашқы буыны өзіне — ниеті мен амалдарына қадалғанын көргенде аңырып қалады және ең үлкен Қайғыға ұшырағанын ұғады. Сөйтіп қалған барлық мұңдар кішірейіп кетеді. Соншалық, тілге алу түгілі, назар салуға лайық таппайды.

Акром МАЛИК

4 030рет қаралды

Пікірлер

    Басқа мақалалар

    Мен де осы ақпарат дүрбелеңінде қалып қойғанымды жоққа шығармаймын. Дүрбелең сондай: адамдар мемлекет пен…

    Бұл жағдай былай көрініс табады: мемлекетке қарсы шығушылар, басшыларды сынаушылар батыр ретінде көрінеді, оларға ақиқаттың туын ұстаушы деп қарайды, олар да солаймыз деп ойлайды;…

    3 мин

    Ассаламу алейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ, құрметті Президент!

    Жазатындарымның бәрі «Хайрат ул-абрар»-ға жазылған түсіндірмеге тікелей қатысты. Есімді біліп, ақ пен қараны бұлдыр-бұлдыр ажырата бастағанда түсіндім: жер бетінде саяси күштер…

    1 мин

    Бір жыл — бәлкім аз уақыт. Бірақ өмірді өзгертуге, дүниетаным үстінде жұмыс істеп, ақиқаттарды түсінуге…

    Ассаламу алейкум. 2021 жылдың қаңтарынан басталған ғылыми зерттеуім аяқталды. Әлхамдулиллаһ. Тақырып "Әлішер Науаидың "Ғараиб ус-сиғар" диуаны контексінің теориялық мәселелері"…

    2 мин

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.