ЕРГЕ МОЙЫНСҰНУ МЕН АДАЛДЫҚ ӘЙЕЛГЕ БАҚЫТ ӘКЕЛЕДІ
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Отбасында ер басшы болмаса, ұлдар қыз мінезді, қыздар ер мінезді болып өседі. Отбасы ұсақ мәселелерге оранады. Ол отбасынан кемел тұлғалар шықпайды. Өйткені күшті әрі құрметті ер ұлдарға үлгі, қыздарға арқа сүйер пана. Әйел билік құрған отбасы қоғамда беделді саналмайды. Отбасында әйел ердің көңіліне қарасын. Мойынсұнуды кәміл түрде көрсетсін. Ердің кемшіліктерін іштей де талқыламасын. Ерге қабақ шытудан ұялсын. Ердің көңіл-күйін түсіруден қорықсын. Ердің көңіл-күйі отбасының көңіл-күйін айқындап берсін. Осындай отбасында тәртіп пен береке, абырой мен мәртебе табылады. Егер әйелдің даусы қатты көтерілсе, ердің жағдайы әйелді қызықтырмаса, ер әйел үшін қалта не қызметші дәрежесінде болса, ердің сөзін жерде қалдырудан, көңілін суытудан әйел қаймықпаса, бұл отбасында жақсылық пен игілік жоқ. Ей, әйелдер! Ерлеріңізді қадірлеңіз. Бастарыңызға көтеріңіз. Қорламаңыз. Ерлер көбіне әйелдер секілді ұсақ сөзді не кекшіл болмайды, азғана күлкіңіз бен тәтті сөзіңіздің алдында сізді кешіреді. Тек қателіктеріңіз үшін кешірім сұрауды және ерді ер деп біліп, оған шын көңілмен бас июді біліңіз. Отбасылардағы барлық бәле әйелдің тәкаппарлығы мен сабырсыздығынан және ерден кешірім сұрай алмауынан туындап отыр.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.