ҰЛЫҚТАРҒА ҚАТЕЛІКТЕРІН АЙТУ ҚАНШАЛЫҚТЫ ДҰРЫС?
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Жаңа деп аталып жүрген заманда сөз бостандығы деп аталған бір апиын қоғамдарға ішкізілді. Сол бостандыққа сай, әркім аузына келгенін айту әдепсіздігіне қол жеткізді.
Озбырлықтың жаңа кейпі сөз бостандығы түріне енді. «Әркім нәпсісі бұйырғанын айтсын, бұл әділеттің негізі!» деген тиянақсыз қағиданың мақсаты өте қорқынышты еді. Яғни азат елдерді басып алу ниетімен ондағы халықтарды өз мемлекеттеріне қарсы аяққа тұрғызу үшін бұл қағида бір құрал етіп алынды. Алдымен адамдар еркің буылып жатыр деп сендірілді. Кейін патшалар залым деп таныстырылды. Еркін сөз апиыны жегізілді. Мас болған тобыр өзінің басында тұрған панасына балта көтерді.
Біз «Сөйлесең, жақсы сөз сөйле. Әйтпесе, үнсіз тұр!» – деген әмірді алғанбыз.
Бүгін ұлықтарға олардың қателіктерін айту батылдық деп бекітілуде. Мұнда бірнеше нәзік қырлар бар: 1. Сен ұлы адамға тиісуге қаншалықты хақылысың? Бұл істі істеуің — шектен шығушылық. 2. Ұлықтар алдында үнсіздік пен қызмет — жастардың ісі. 3. Ұлықтар істеп жатқан істің хикметін түсінуге ілімің, тәжірибең және көкірек көзің әлі әлсіз. Қашан олардың тағына шықсаң, бәрін түсінесің. Оған дейін сабыр ет. Сабырмен ештеңе жоғалтпайсың.
Ұлықтар кім? Ең алдымен, асылдық иелері, яғни асыл тектен шыққан сейіттер, ғалымдар, әмірлер, бастықтар, басшылар; ұстаздар, әкелер, ағалар. Олардан насихат алу, оларды қадірлеу, оларға мойынсұну керек. Кемшілік орын алса, түзелуі үшін олардың хақына дұға қылып, күту қажет. Перде көтерілмесін. Әдеп пен ұятқа нұқсан келмесін.
Егер кіші кішілігін білмесе, үлкен үлкендігін ұмытса, бастар аяқ, аяқтар бас болады, ат пен иттің ізі араласады, тәртіп жоғалады. Ілім мен хикмет иелері босағаға түседі, надандық пен пасықтық иелері төрге шығады – әділет ғайып болып, зұлымдық үстем болады.

Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.