ЖЕТІНШІ ТАРАУ
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
ЖЕТІНШІ ТАРАУ
ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАР
Бірінші бөлім
Шымылдық және нәзік мәселелер
Оңай ақша тапқысы келетін және ұят, ар-иба, абыройды жиып қойған адамдар үшін бүгін ерлі-зайыптылардың нәзік қарым-қатынасы жақсы шикізат болып тұр. Көзі енді-енді ашылып, мұндай істерді әлі түсінбейтін жас жігіт-қыздар үшін түрлі түрде базар ашылуда. Құдай рахымы шексіз әрі әділ Зат болғандықтан, адамзаттың жүз пайызға жуығын бұл мәселеде сау етіп жаратқан. Сондай-ақ Пәруардігер ұят Иесі болғандықтан, бұл істерді жасырын ұстауды бұйырған. Нәзік қарым-қатынаста адамзаттың хайуани табиғаты басым түсетіндіктен, бұл істер некемен қоршалып, перде артында сақталып келген. Мақсат – адамзат адамгершілік мәртебесінен хайуандық зынданына құламасын. Адамзат жер бетіне тек жақындасу үшін емес, басқа жоғары мақсаттар үшін келген. Жақындасу – назар мен ықыластың үлкен бөлігі жұмсалуына болмайтын істер қатарына жатады. Шәһуатқа құлдық себебінен жасөспірім жігіттер мен қыздарда бұл істерге қызығушылық жоғары. Өйткені оларда ақыл әлі кемеліне келмеген. Олар жасырын түрде бұған қатысты ұятсыз бейнежазбалар, суреттер көреді, кітаптар мен мақалалар оқиды, өзара әңгімелеседі, жасанды жолмен шәһуат төгеді және осы сияқты күнәларды жасайды. Білу керек, мұндай істер әрбір адам үшін өте оңай. Соншалықты оңай, бұл туралы қатты ойлануға қажеттілік жоқ. Демек, қандай да бір кітаптар, мақалалар оқып, біреулерден сұрап, әлдебір бейнежазбаларды көріп жүру мүлдем шарт емес. Келін мен күйеу уақыт өте келе бірте-бірте бірін-бірі түсініп алады, әлсіздік және осы сияқты түрлі мәселелердегі алаңдаушылықтар негізсіз. Кім бұл туралы көп айтса, ол шәһуат қоздыратын дәрілеріне тұтынушы іздеп жүр, ал бұл тақырыпта керексіз былшылдайтындар – ұятсыз, азғын адамдар. Шымылдық – ескі салттардың бірі. Алғашқы түнде қалай болу керектігін ақылды адамдар сабырлы түрде айтса, жеткілікті. Ғұсыл, тазалық және соған ұқсас ілімдерді үйрену жеткілікті. Ең бастысы, youtube, telegram сияқты желілерде адам жинап, сол арқылы ақша тауып, бала бағып жүрген ұятсыз, ар-ұятын сатқандардың бірде-бір сөзіне құлақ аспаңыз, бұл жағынан ешқандай жасанды құрал да қажет емес. Қандай да бір мәселе бардай көрінсе, біліңіз, ол тек солай көрінеді, болғаны. Шын мәнінде, мәселе жоқ. Бәрі өз ізіне түсіп кетеді, асығудың, қысылудың, уайымдаудың қажеті жоқ. Және ең ұлы насихат: ер мен әйел ешқашан өзара нәзік қарым-қатынасын ешкімге айтпасын! Басқалардың да бұл жөніндегі сөздеріне құлақ аспасын! Мұндай тақырыптарда сөйле деп қыздыратын – ібіліс және оның адам кейпіндегі малайлары.
Акром МАЛИК



Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.