Тіл

Даналық

Құтты даргаһқа кірдің,

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Құтты даргаһқа кірдің,Қадамың мүбәрак болсын!Қадір-қасиетін білдің –Әр демің мүбәрак болсын!***Мейір үлестіруден шаршама, адам,Ұмытпа, мейірмен нұрланар ғалам!Жымиып әркімге сәлем бер, досым,Мейірдің бұлағы – сәлем, сен соған!***Қатты дауыспен күлме, әй жігіт!Ел ішінде сөз болма, әй жігіт!Есектің ақыруындай жаман қатты үн,Есек деген атты алма, әй жігіт!***Ең көркем өмір – таза бір өмір,Тазалық ақидасы хайуанға жат.Тазалықты берік ұста, ұқыпты бол, дос,Хайуан деген лақап саған ұят!***Мың жылдан бері айқын бұл ақиқат,Бұдан басқа сөз жоқ, барсаң қай жаққа –Құрметте адамның затын, әй дос,Құрметтеген құрмет табар күмәнсіз.***Шүкір, тыныс алып жүрсің сап-сау,Екі аяғың бүтін, басың да аман.Тек қуанышпен өмір сүру керекӘрі қадам басу жеңістер жаққа!***Сырың жүректе қалсын, әлемге жайма,Болар-болмас іске қайғырма, күйме!Адамсың, көп нәрсе жоғалтуың мүмкін,Бірақ пәк ниетті жоғалтып алма!Акром Малик
Құтты даргаһқа кірдің, — фото

2 160рет қаралды

Пікірлер

    Басқа өлеңдер

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.