Даналық
Бұл әлемде көп таңданыстың түрі,
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Бұл әлемде көп таңданыстың түрі,Білемін дегеннің көбі білмес, айқын.Әрдайым ақиқатты кенет көріп,Тілің тұтылар, ақылың қалар таңғалып.Мысалы, екі жүзді адам баласы –Екі басты айдаһар одан жақсырақ,Өйткені саған анық айдаһардың ісі,Екі жүздінің ниетін білмейсің бірақ.Айдаһардың екі басы көрініп тұр,Біреуін сенен жасырып жүре алмас.Қолтырауынның жасын да төкпес ол,Шектен асырып махаббат айтпас.Бірақ таңданыстың ең ғажап сәті,Сол сәтте жоғалар ақылдың сөзі, –Яғни екі жүзді мұнафықтардыңӘшкере болғанда екінші жүзі.Акром МАЛИК




Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.