Тіл

Иман

Құдайым, адамзаттың перзентін еш

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Құдайым, адамзаттың перзентін ешНәкас та, жарамсыз да, тұзкөр етпе.Шайтанға ілескен бейшаралардыКемтар істерімен мағрур етпе.Егер зар илесем, Құдайым, бұл халБүлік пен тұғияннан емес мүлдем.Жай ғана әлсіздігімді мойындап,Шарасыз халіме жылаймын, я Хақ!Жеген тұзын кім де кім көрмесе егер,Яғни тұзкөрліксіз тұра алмаса кім,Көзін соқыр қылып оймайыншаОның қолынан ұстамасын өлім.Біреудің нанын жеп, тұзкөрлік қылғанСоқыр болғанда, көздері ағып түссін!Бұл қараң халіне, зарларынаОпасыздық көрген жан тойғанша қарасын.Ішіңді тойдырған азық нан емес,Ілім мен ирфан, мейір де – нан ғой.Қай қолдан нығмет жесе қай құл,Жегенін ұмытпай қалса – адам ғой.Көңіл деген не екенін ұқсаң егер,Әр сәтің пәк бір сәһар болсын!Егер тұзкөр болсаң, сапарың – сақар,Жеңісің азапты бір зәһар болсын!Сөзінде тұрса кім, антында тұрса,Күмәнсіз, ұлы жан, ұлы мәрт болар.Нәпсі мен шайтанына ерген әр кімҚор да қараң болар, жастай солар.Жақсылық қылған жанның көзіне, әй сен,Шөп тыққан қолдарың кесілер бұдан былай.Негізің талқан болып, талқаның күйіп,Күл болып әлемге шашылар сөзсіз.Шахтың тұқымы бол, мейлі бектер тұқымы,Қалаған майданда шауып ойнақ сал,Сені қуып жетер жәбірленгеннің зары,Өлмессің ұйыған қан жұтпайынша.Соқыр көзің ашылмас, уаллаһу ағлам,Кереңге обал әрбір хикмет.Тек жақсылардың басынан әрдайымЖауып тұрар Хақтан мағфират, рахмет.Шарасыз құлдарға қолын созған,Әй, сіздер, адал жандар, жарық – жолыңыз.Ең таңдаулы құлдар сапында, әмин,Екі дүние ішінде сәруар болыңыз.Акром МАЛИК
Құдайым, адамзаттың перзентін еш — фото

2 140рет қаралды

Пікірлер

    Басқа өлеңдер

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.