Иман
Көздерім соқыр екен, соқыр мүлдем,
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Көздерім соқыр екен, соқыр мүлдем,Біреуді ұлы деп сенім артқам.Сөздерін дедім дұрыс әрі хақ,Тіпті атын көңілде аялап сақтағам.Бүгін әшкере болды ақыры, әшкере —Соқырдай көрмегенім не екен — білдім:Тау деп ойлаған едім, уа Парвардигар,Құмырсқаға кенет жолығып қалдым.Бәлкім, көрмегенім бекер емес,Себебі көзілдірікті мен бір әлсіз пақыр.Ұсақ нәрселерді тізе бүкпейЖәне иілмей көру мүмкін емес, ақыр.Ұсақ нәрселерге араласпа деп,Құдайым қолымнан ұстағанын білдім.Қураған тамырға су құйып, қарап,Гүлдеп, жеміс беруін күткенімді білдім.Уа Раббым, ұсақ болып қалудан сақта,Тышқандар ішінде қойма мысықтай.Арыстандар ортасына мені қос, уа Раббым,Мейлі, сол ортада болайын күшіктей.Ұлы керуеніңде болсам да қайыршы,Көже бөліп берсең де ризамын, уа Раббым.Достарыңның иығындағы хырқаға тіптіШаңдай ілінсем де, ризамын, уа Раббым!Акром МАЛИК




Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.