Иман
Ескі бір ақиқат жайында саған
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Ескі бір ақиқат жайында сағанХабар берейін, құлақ сал, қарағым.Сынақтан өтпеген әр жаңа нәрсе,Әлбетте, алдап кетер, біл, шырағым.Мәңгі ақиқат мынау: қай адамХақты мойындамаса, хақтан бұрса жүз,Сөзсіз ол – шайтанның өзіндей,Оған әсер етпес ешқандай насихат, сөз.Нәпсісін құдай біліп, бағынып,Күнә теңізіне батып барар.Әр қадамда оған серік апат,Басында құйындай бәле айналар.Бірақ бәрінен бейхабар ол сорлы,Әлемде бәріне таға жатар айып.Шектен асқанда соқырлық, көрсоқырлық,Кез келген насихат ысырап болар, әттең.Бірақ кім де кім қатесін мойындаса,Ақиқат алдында исе басын –Әкесі Адамдай айтып истиғфар,Жүрегінде жарқыратар тәубе күнін.Раббым, ергізбе мені шайтанға,Шайтанға ерген әр жаннан құтқар.Иман иесі етіп мені әрдайым,Дүние шөлінен аман өткіз!Акром МАЛИК
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.