Даналық
Біреу қатеңнен хабар берсе егер,
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Біреу қатеңнен хабар берсе егер,Ренжіме, ең әуелі Құдайға хамд айт!Сөйлеген адам да болар құрметті,Саған кемшілігіңді ашқан сәтте.Өйткені саған шапағат көрсетіп Құдай,Пенденің тілімен жеткізді хақты.Енді бұл рахметтен өзіңді жұрдайЕтіп, ұмытпа бұл әдемі сабақты.Ауру қинаса тәнің мен жаныңды,Тәуіптің сөзіне ынтызар боласың.Ауыртпай тәніңді, төкпей қаныңдыЖаман мінез етер бір күні қаза.Шынымен жаман мінезден, жаман пиғылыңнанСақтандырған жаннан ренжідің бе, ей, дос?!Азат болып айлакер нәпсінің қолынанЖүрекке қадам басып келші, ей, дос.Ашу-ыза толған әлемнен тұрып,Бір күні нұрға толы жүрекке келерсің.Және кім айна тұтса, басынан сүйіп,Ұлығым, мүршидім, пірім дерсің.Акром МАЛИК
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.