Иман
Сенбе халіңе, әй, ғаріп адам,
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Сенбе халіңе, әй, ғаріп адам,Мақамыңа кенет сүйенбегейсің.Сынақ келгенде басқа кенеттен,Жүзің қара болып ұялмағайсың!Жүрегің ғибадаттан рахат сезінсе,Нәпсің тәубе ішінде жанып, күйсе,Өкініш қанжардай көксіңді ойса,Жеттім Хаққа деп ойламағайсың!Қаптап алса егер ақылыңды ашу,Шайтан күнәларды көрсетсе безеп,Жүректер ғимаратын аямай бұзып,Өзіңді бақытсыздыққа тастамағайсың!Жапа жетсе дос пен дұшпаннан кенет,Шықса егер жолдан біреу қазған ор,Ең алдымен өзіңнен болғайсың сақ –Көңілді қараңғыға бастамағайсың!Әлемнің асты – су, үстіне бір қара –Тірексіз бір шатыр, ілгексіз шырақ,Тіпті қозғалуға әзір әрбір тау,Әсте табандылығыңа сенбегейсің!Жол ұзақ біз үшін, жолдас керек,Әр сәт дірілдеген дәрменсіз жүрек...Истиғфар – серік, тәубе – тірек,Серік пен тіректен еш бұрылмағайсың!26. 08. 2024.Акром МАЛИК
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.