Өмір
ХАСБИ ХАЛ
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Есімде – бір кездері өлеңдер жазар едім,Сөз іздеу мен қатар тізу еді ол.Қиял зұлматында зарлап кезер едім,Есейіп, дерттенген соң, еру енді бұл.Дер едім ішімде, көркем бәйіттерімТілден тілге көшсе сүйіліп.Болмаса да дұрыс бір айтарым,Өзімді хакімдей ұстадым керіліп.Уақыт тасы көксімді езгенде ақырын,Тамағымнан құсқызып шашырап шықты қан.Өлеңге құштарлығым сөнсе де, бірақҒамдарды сөздерге тізіп шықты жан.Бір кездері сүттей пәк болған ойлар,Бір кездері таңдай жарық болған есім,Бір кездері самалдай жағымды күйлер...Барлығын бір-бірлеп құша берді кеш.Армандар ішіне кіріп келді кек,Есімнің жүзіне шашырады көп дақ.Күйлерді күйдіріп жұтып кетті іш,Іште сөніп қалды мыңдаған шырақ.Дос деп білгенім ренжіді кенет,Тіпті желбіретті жаулық туын.Тұқымдай жасырынған қызғаныш па еді, уаһ,Шеңгелдей өсті, тікен – жапырағы.Уақыт тасы тәнімді езген сайынӨкпеме толуда бара-бара қан.Оны босатпасам, өлмегім анық –Өйткені жасауды қалайды науқас жан әлі.Сол себеп қолыма қаламды алдым,Сол себеп аштым бұл жаңа дәптерді.Сөздер өлкесіне тағы жол салдым,Бір-бірлеп суырып тілден нештерді.Хумул топырағында бұл мұңлы көңілҚалар білдіруді мұңы мен қайғысын.Бәлкім жасауы сәл болар жеңіл,Төгіп шашса жолға мәңгі қайғысын.Дертті айту үшін бір тыңдаушы жоқ,Ғамды бөлісуге жоқ жар мен көңілдес.Әркімнің көксінде кемі бір оқ,Ең жақын досынан атылған кенет.Сол себеп жалғыз сырлас – қағаз,Ең пысық қызметші – жанқияр қалам.Жүгімді міндетсіз көтереді сөз,Мейлі қуаныш болсын ол, мейлі ащы қасірет.Бәлкім іздесем егер шын ықыласпен тынбай,Бір дертті жан шығар адам затынан.Бірақ қорқынышым бар, сондай –Оны да безіндірермін өз өмірінен.Сіз де, әй оқырманым, кешіріңіз,Біздің серігіміз – ғам мәңгілік.Егер сөзімді оқуды қаласаңыз сіз,Хош келдіңіз дертке, алейкум салам!5 наурыз, 2024 жыл.Акром МАЛИК
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.