Өмір
Ешкімге болмасаң тәуелді,
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Ешкімге болмасаң тәуелді,Бір кісіден күтпесең кәрам,Ойыңда ерік жайнап тұрса,Өз үйіңде өзің құрметті.Бір сөз айтқан соң, сезбесең қорқыныш,Өң мен түсте қумаса қорқыныш,Ақиқатты ашық айтқан соң,Кісен ішінде шекпесең яһу!..Жан-жәһдіңмен шегіп еңбек-бейнет,Адал жолда тапқаныңда қазына,Қарақшыдан аман болсаң да,Сезбесең басыңда қыспақ.Азаттықтың көрінісі осы,Азат өмірдің көркі осы.Бірақ еріктің бір сатысы бар,Екі дүние сыйлар сәуле.Иманыңнан ашып қанат,Ашкөздік, тамадан тапсаң құтылыс,Тыныштығын жоғалтқан жүректіНәпсі қолынан етсең азат!Шайтан шарры тиген не бар,Пәк етсең, қалмаса шаң,Бұл – Рахмани Азаттық шын,Онда қорлық болмас әсте!2020 жыл, 21 тамызАкром МАЛИК
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.