Тіл

Иман

Раббым, рахым көрсет, кешір, Құдайым,

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Раббым, рахым көрсет, кешір, Құдайым,Еш бұрышқа сыймай жүрмін бе?..Құдыққа құладым ба, қайда орным?..Жапа шегудемін бе, жылаудамын ба?..Неге артып кетті бұлайша қайғы?Неге көтеруге жетпей тұр күш?Әлде іштім бе су емес, у?Қай соқпақтарға кез келіп қалдым?Жоқ, әсте наразы емеспін Сенен,Сен берген тағдырға разымын, разы.Бірақ әлсіздігім себепті шайқастаЖеңілген жауынгердей шықпас дауысым.Раббым, мені құтқар бұл қара құдықтан,Кеудем жарасына қой Өзің малхам.Құтқар мені қайғы деген күнәдан,Қам жеуге Сенен ұялып та тұрмын.Бірақ қуатым аз, құладым, не етейін,Бейне қамтып алды есуастық кенет.Рахым көрсет, әйтпесе, қайда кетейін?!Сенің жаманыңмын, болсам егер жаман!Антын бұзған дәрменсіз, соқыр,Нашар кісілердің болдым қайыршысы.Пендені дос дегеннің маңдайы сор,Енді Сен достығыңды көрсет, Құдайым!Акром МАЛИК

4 100рет қаралды

Пікірлер

    Басқа өлеңдер

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.