Өмір
Көп рет саған қарай бет бұрдым,
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
***Көп рет саған қарай бет бұрдым,Қасыңда әр сәт мұрақабада болдым.Жаралы құстай ыңырсыр еді рух,Еске алып сенен көрген қанша жақсылық.Бәлкім, түр-әлпетім көзіңе түсіп,Жүрегің қарайған, не етейін, амалым жоқ...Бірақ барғанымда қасыңа көшіп,Аз-аздан ағарғаным ақиқат қой.Бәлкім, жүргенімнен тәубесіз, жұтаң,Саған азар жеткен шексіз, сансыз.Нәпсі тұзақ құрып, қастық етсе ібіліс,Не етейін, келмесе илаһи медет?!Бәлкім, адамдарға байландым қатты,Тіпті тамыр жайды бұл махаббат терең.Олардан кестің, тіпті ағып қан,Тіпті өзін жоғалтты сана.Мені байлап тұрған жан-жақтан шынжыр,Ұша алмай шегер еді рухым аһ, пәрияд.Сенің барша ісің сыр, сыр, тағы сыр,Ішімде азапты орнаттың мықтап.Біраз кісендер сынды, бәлкім,Бәлкім, алынды көзден бір перде.Шақырсаң, баруға таба алмас әлӘлдеқашан өлген кебінсіз мүрде.Енді адамдардан алыс ол тән,Қиялына кірген әр кімді жақты.Құтылып алған соң жүктен кенеттен,Енді өз халіне аяп қарады.Саған бет бұрамын күн сайын қайта,Көзімде нұрға толы болмысың аян.Ұсақтық бұрышында тұрақтап,Пақырлық көшесінде болдым көрінген.Берсең бір теңге – қайыршымын, ақыр,Қуып жіберсең иттей, шаһсың – жарасар.Алыс-алыстарда ұлып жүргенИтің сүйек атсаң, соны таласар.Мейлі, сүйек берме, құрт болып бір күн,Тастап кетемін әлемді үнсіз.Өмір өткен болса да жүрегі қан,Өмір сүрген боламын кісен, торсыз.Акром МАЛИК
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.