Тіл

Даналық

Өзіңнен кетпегін, өзіңде болғын,

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Өзіңнен кетпегін, өзіңде болғын,Кетсең егер, өзіңе келуің абзал.Өзіңе лайық істерді қылғын,Әрқашан шегіңді білуің абзал.Тырыспа жұртқа болуға жауапты,Жолбасшымын, жолды білемін деме.Құдай емессің ғой, әй, бейшара құл,Ең дұрыс істі мен істеймін деме.Жай ғана жақындарыңды етіп хабардар –Қай іс жақсы, қайсысы жаман.Жаралы жүректерге болып тілектес,Өзіңді апаттан сақтағын аман.Біреуге үкім ету мен мен сен сияқтыДәрменсіз кісілердің емес ісі.Өйткені ғашықтардың жалғыз мақсаты –Құлым десе жетер Парвардигары.Қойғын адамдардың жақсы-жаманын,Әр қой асылғай өз аяғынан.Әрдайым болсын Сенің Хақ мейірбаның,Үзілме һидаят шамшырағынан.Акром МАЛИК

4 390рет қаралды

Пікірлер

    Басқа өлеңдер

    ҒАШЫҚТАРҒА

    Сүйдің бе, жануға риза бол да, сүй, Өзіңнен тануға риза бол да, сүй.

    Махаббат

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.