Даналық
Екі нәрсе бар әлемде, әй, дос,
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Екі нәрсе бар әлемде, әй, дос,Ақыл-есіңді алып, қатты мас етер.Нәпсіңе әр ісін көрсетіп дұрыс,Шайтанға табақтас, қолтас етер.Бірінің аты – мал-дүние, байлық,Тағы бірі екен мансап-мәртебе.Екеуінің құшағында адам тайып,Құлау қаупінде болғай, әлбетте.Не менсінбегей бейшараларды,Не зұлымдық қылғай шексіз, бейқам.Мазақтап, азаптап сергелдеңдерді,Тағы да айшылығын етер жалғасын.Өйткені мас адамның болмағай ақылы,Көзі соқыр, құлағы керең, жүрегі өлік.Мәжнүндей жаңғырып әрбір әңгімесі,Ісі жыларлық та, күлерлік те.Хақ сөзді қылмағай қабыл ешқашан,Төңірегінде қалмас хақ иелері де еш.Түні-күні кәсібі – күнәға бату,Ғапылдыққа шөккей таң, ақшам, ерте, кеш.Қызғаныш тұзағында буылғай мойны,Ашкөздік уына тәні толғай.Бүліктен тұрады әрбір ойы,Риякерлік ол үшін ғибадат болғай.Соншалық ашуға батқай, соншалық –Қанішер, бейбастақ, өтірікші, жексұрын;Көзіне пасықтық көрінбес қатер,Тіпті төмендікті тұтқай сырлас.Қан мен жиіркеніштікке толғай, бірақСырты гүл сияқты сұлудан сұлу.Біреудің басына салмаса бәле,Ол үшін жақсы іс – міне, сол кемел.Мансап пен мал-дүние мастығы – апат,Мүмкін емес бұл апаттан қалу аман.Егер, көрсетіп рахмет пен шапағат,Құдай құтқармаса, құтқармас ешкім!Акром МАЛИК
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.