Тіл

Иман

Зікір етсең Хақты, етсең тілауат,

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Зікір етсең Хақты, етсең тілауат,Ғажап сәттер сені орап, құшар.Жүрегіңе жауар үнс пен тыныштық,Жаның көктерде бақытты ұшар.Жақындай алмас не жын, не шайтан,Жамандық етуге жетпес батылы.Намаз бен Құран серігің болғанда,Ібілістің келуге болмас шыдамы.Бірақ адамдардың бір тобы бар —Ібілістің шәкірті, Ібілістен асқан.Мекен-тұрағы — күнә торы,Қолдарында айла торын ұстаған.Қасыңа дос сияқты келер жұмсақ,Жыландай жылтырап, ширатылып, күлер.Жүрегіңде ықыласың әрдайым жайнаған,Оның көшетін бір-бірлеп жұлар.Саған жанашыр болып көрсетіп өзін,Ішіңе күдіктен у төгер.Іріктеп жылтыр түрлі-түрлі сөзін,Көңіліңді жыртып, теріс тігер.Ең әуелі ұқтырар бақытсызсың деп,Бағың қара дер, бейшара дер.Қасыңда бейне мұңыңды жегендей,Шын мәнінде, білдірмей басыңды жер.Әр сәт сақ бол әрбір деміңнен,Өткізбе сәттерді Хақтың зікірінсіз.Егер құтылғың келсе бүткіл мұңыңнан,Өмір сүр шайтандардың дертті ойынсыз.Акром МАЛИК

1 910рет қаралды

Пікірлер

    Басқа өлеңдер

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.