Иман
Бұл әлемнің ісін түзету мүмкін емес,
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Бұл әлемнің ісін түзету мүмкін емес,Еш адамның ісін түзету мүмкін емес.Бір жағын бүтіндесең, басқа жағы сызат кетер,Сырлардың жұмбағын ұғыну мүмкін емес.Яғни пенде еш істің иесі де, патшасы да емес,Пенде басқа пенденің сүйеніші де емес.Өз ісін кейде көре алмас адам,Олай болса, адамзат көңілдің куәсі емес.Залымдар зұлымдық үстінде, мазлұмдарда амал жоқ,Зұлым қылышы шапса, кесілгендерде амал жоқ.Аһ пен зарың жүрегіңе жалғыз дос пен жар,Өзіңе сырлас болар сен сияқты сорлы жоқ.Бір жақ — тамашашы, бір жақ — бейжай әрі үнсіз,Бір жақ — сөккіш, айыбыңды айтар тынымсыз.Біреуге азапсың, біреуге қор-зарсың,Таңба-кінә құстары тәніңнен іздер қоныс.Саған қанжар сұққанға да қанжар сұққың келмес тіпті,Сырласпын дегенге де көңіл ашқың келмес тіпті.Дүниенің халін көріп, мейірімнің обалын көріп,Барыңды ішке жұтып, еш тасқың келмес тіпті.Тірі күніңде атылған тастарға қарап мұңды,Өлігіңді иығыңа салып кеткің келер бір күн.Жаназаңа келіп, табытыңның салмағынанАдамдардың иығы ауырып қалмасын деп.Бетіңе күліп тұрып, артыңнан ғайбат шашар,Басыңа сынақ келсе, артқа қарамай қашар.Не достықтың, не жаулықтың үдесінен шыға алмай,Көлеңкеңе қарап жүріп, кебініңді де пішер.Шіркін, сен болмасаң да, келсе бақ пен көктемдер,Түннің қараңғысы кетіп, күлсе таң мен сәскелер.Тікен гүлге айналып, у балға айналса,Улы инелер бал болып, нұрға толса сәрілер!Жүдеу тәнің, өкінішке, бұл әлемге сыймас,Апаттардың шатырын басыңнан еш жимас.Тастар жауар, бұршақ жауар, көзіңнен көз жас жауар,Бірақ жаңылып бір рет пәк ғашықтық жаумас.Дүниенің қирандылығы көзіме айқын болды,Мұң-қайғының гүлінен өмірім гүлбақ болды.Адам тілін адамдар ұқпайтынын біліп,Тіл мылқау, ақыл таң, көңіл алаң болды.Еш көңілді қиратпай өмір сүру — мақсатым,Мұң мен уайымдар — дүрбелеңді мекенім.Бейғамдық пен надандықтың бейнесінің алдындаӨз халіме көз салып, әр ісім — өкінішім.Дүниені абат ету — мүмкін емес іс екен, хақ,Махаббаттың гүлзары — бір тәтті түс екен, хақ.Ақыреттің ауласын берекелі ете алсам, болды,Жан — тәнге қамалған мұңды құс екен, хақ!Саған бет бұрдым, Құдай, Сенсіз жалғызбын, бақытсыз,Сен көмек бермесең егер, уәдесізбін, сертсіз.Зікіріңді ризығым ет, ғибадатыңа қуат бер,Саған мақтаулар болсын, хамд пен сана сансыз!Акром МАЛИК
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.