Иман
Жүдеу пендеңмін, мейірбан Тәңірім,
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Жүдеу пендеңмін, мейірбан Тәңірім,Сенен басқа еш зат панам емес.Зікіріңсіз қалармын адасып, саңырап,Сені еске алмасам, жүрегіме тыныштық келмес.Махаббатыңды ата ет, ғашығың ет,Қай істі сүйсең, сүйікті етерсің.Жанымның есімі — пәрияд пен жылау,Кімді сүйсең, соны маған қалаулы ет!Ғашықтығыңмен толып-таспағанӨмірімде қалмасын бір сүйем жер де.Дүние зынданынан Саған қашпағанҚұлдың болмысы — мәңгілік қасірет!Бір күні өмірімнің соңы бар,Көз жұмып ашқанша көз де жұмылар.Бүгін азап ішінде бұл тән зар,Ертең қап-қара жерге көмілер.Құдайым, Саған қарай жолға шыққандаАйналамды толтыр достарыңмен.Жаным бұл дүниеден көшін жиғандаҚалай барайын кем-кетіктеріммен?!Бәлкім, пәк жандардың құрметінеКешірім пердесін жабарсың, Тәңірім!Кетіп қорқыныштардың ащы үрейі,Рақымыңнан мекен табармын, Тәңірім!Акром МАЛИК
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.