ӘДЕП ПЕН ЖІГЕР
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Ақыл да өседі. Ақылды әдеп өсіреді. Адам әдепті әдет тұтқан сайын ақылды бола береді. Әдепсіз адам ақыл мен ес-түстен алыс болады.
Әдеп — әркіммен лайықты қарым-қатынас жасау.
Жігер — адамды ұлы істерге қозғайтын күш. Ұлы істер көзге көрінуі де, көрінбеуі де мүмкін.
Әсіресе, кімді өзіңе қымбат әрі ұлық деп білсең, оның жүрегін жаралап, мұңайтпау да жігерлілік.
Басыңа түскен уайым үлкенірек пе, әлде сен сүйген адамның қайғысы ма?
(Махаббатқа салих адамдар лайық)
Жігер иесі өз уайымын сылтау етіп, сүйіктісіне немқұрайлылық танытпайды. Өз қайғысының жүгін алға тартып, сүйіктісін ыңғайсыз күйге түсірмейді. Бұлай істемеу үшін жігер керек. Жігерді ұстап тұратын әдеп қажет.
Бұл іс те ұлы істің бір түрі. Көңілді аялаудай ұлы іс бар ма?..
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.