ӨТІРІКТЕН ТЫЙЫЛЫҢЫЗ!
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Өтіріктің (алдампаздықтың) үш көрінісі бар:
1. Уәде бересің де, орындамайсың. Мысалы, Жийдезар базарынан бір заттың бағасын біліп беремін дейсің, бірақ бұл істі істемейсің. Пәлен күні бір жерге, мысалы, Аққамысқа бірге барамыз дейсің де, бұл мәселе жайлы мүлдем сөз қозғамайсың әрі «ұмытасың». Аянышты өтірік. Өйткені бұл істерің саған алдампаз деген таңба басады.
2. Жағдайлар мен оқиғаларды бұрмалап айтасың, мысалы, болмаған сөздерді айтасың, болған істерге қосып-жамайсың немесе азайтасың. Бұл істі өз пайдаңды көздеп істейсің. Пасық өтірікшілік.
3. Кедейлер мен ғаріптерді емес, бай-бағлан адамдарды дос тұтасың. Мақсатың — оларды «сауып», сүтін ішу. Шынайы дос бейнесін шебер ойнайсың. Бұл жолда ілім мен діннен, беделді адамдардан пайдаланасың. Күнкөрістің ең масқара жолы осы.
Мұны жұрт білмейді деп ойлама. Біліп, сезіп жүргендер өте көп. Масқара болмай тұрып, тезірек тәубе ет. Бейшаралар мен кедейлермен, тәубешіл және жүрегі сынық жандармен жақын бол.
Бұл істің өтірік екендігі мынада: сен ақша үшін, лауазым мен мансап үшін болған «достығыңды» шын деп көрсетіп жүрсің.
Бұдан үлкен әрі жиіркенішті алдампаздық болмайды. Ілаһи әділет өз ісін істейді. Есің барда етегіңді жап. Шынында да, жиіркенішті алдау.
Тексеріп көрші, осы өтірікшіліктің біреуі сенде не «досыңда» жоқ па?!
Сақ болыңыз! Өтірікші болмаңыз және өтірікшілермен дос болмаңыз.
Өтірікші үмбеттен емес. Өтірікші — жеккөрінішті. Өтірікші — пасық. Өтірікші өтірігінің үстінде рухани жалаңаш, яғни масқара адам.
Құдай сақтасын!
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.